ПОДЕЛИТЬСЯ
08 наурыз 2019 | 10:49
Өзбекстан прокуратурасы Каримованың суицид жасағанын жоққа шығарды
Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримованың колонияға келген соң өз-өзін өлтіргені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримованың колонияға келген соң өз-өзін өлтіргені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін 46 жастағы Гүлнара Каримованың жалпы режимдегі колонияға ауыстырылғаны белгілі болды. Прокуратураның мәлімдеуінше, басында Каримова өз жазасын Ташкентте қызы Иманның пәтерінде өткізуі тиіс еді. Алайда Интернетке кіріп, өз еркімен қыдыруы жазаны ауырлатуға себеп болған.
Кейін әлеуметтік желілерде Каримова қамаудағы басқа адамдардың мазағына шыдай алмай, өз-өзін өлтірді деген ақпарат тарай бастады.
"Ешқандай суицид немесе суицид жасау әрекеті болған жоқ. Гүлнара Каримова белгіленген тәртіп бойынша жазасын өтеп жатыр. Бұл қоғам назарына іліккен осы тақырыптың айналасындағы өсек-аяңдар", - деді ведомствоның баспасөз-қызметінде.
Гүлнара Каримова 2015 жылдың тамызында бопсалау мен салықтан жалтару бойынша айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, келтірген шығыны үшін ол 2 миллиард доллар төлеуге міндеттелді.
2017 жылы Өзбекстан бас прокуратурасы Каримоваға қарсы басқа да айыптар тағылғанын хабарлады.
Показать комментарии
Читайте также