07 сәуір 2022 | 09:14

Өзбекстан санкцияларға байланысты Ресейге GM көліктерін жеткізуді тоқтатты - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© gazeta.uz

Өзбекстанның UzAuto Motors мемлекеттік автокөлік компаниясы санкцияларға байланысты Ресейге экспортты тоқтатты. Бұл туралы Eurasianet басылымында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның UzAuto Motors мемлекеттік автокөлік компаниясы санкцияларға байланысты Ресейге экспортты тоқтатты. Бұл туралы Eurasianet басылымында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

UzAuto Motors компаниясы General Motors (GM) тобының Chevrolet маркалы көліктерін шығарады. Бұл көліктер құрамына Оңтүстік Кореяда шығарылған жартылай өткізгіштер мен микросхемалар кіреді.

"UzAuto Ресей Федерациясына автокөліктерді жіберуді жалғастырса, Андижан маңындағы зауытқа құрамдас бөліктерді жеткізу тоқтатылар еді", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

UzAuto өкілі көлік жеткізудің тоқтатылуын растаудан немесе жоққа шығарудан бас тартты. Алайда Детройттағы GM штаб-пәтері анық ақпаратты айтты.

"UzAuto компаниясы 2022 жылғы 9 наурыздан бастап Chevrolet автокөліктерінің Ресейге экспортын тоқтатты", - деді GM өкілі.

Осыдан кейін UzAuto компаниясы автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді тасымалдау үшін Ресей порттарын пайдалануды тоқтатқанын растады, бірақ Ресейге көлік сату мәселесін талқылаудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная