Өзбекстан телеарналары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын ресми түрде жариялады

?збекстан телеарналары Ислам К?рімовті? ?айтыс бол?анын ресми т?рде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі O`ZBEKISTON телеарнасына сілтеме жасап.

Өзбекстан телеарналары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі O`ZBEKISTON телеарнасына сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері, Өзбекстан ғылым академиясының академигі, Өзбекстан Қаһарманы 1938 жылдың 30 қаңтарында Самарқанда дүниеге келген. 

Кеңес кезінде Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болған. Ал 1990 жылдың 24 наурызында Өзбекстан Ұлы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Министр Кабинеті (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды. Елді 1991 жылдан бастап, ел тәуелсіздік алған сәттен басқарып келді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама