Өзбекстанда 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер (24 пайыз) қысқарады.

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босайды. Осы шаралар нәтижесінде Өзбекстан билігі мынадай қаржы үнемдейді:

Реклама
Реклама
  • Штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар) ;
  • Көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) (жанармай, май, шиналарды ауыстыру және т.б. шығындарды қосқанда).

Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы шектеулі саны 56 573 адам болады.

Жарлыққа сәйкес министрліктер мен ведомстволардың бюджеттен тыс қаражаты есебінен қосымша штат енгізуге қатаң тыйым салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама