16 тамыз 2021 16:03

Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/topnewsuz/

Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, ұшақ 15 тамызда кешке Өзбекстанның Ауғанстанға іргелес Сурхандария провинциясында құлаған.

Газета.uz порталындағы хабарламаға сәйкес, ұшақ бортында болған екі ауған әскері Термез ауруханасына жатқызылды. Портал дереккөздері оқиғадан бір күн бұрын Ауғанстанның тағы үш әскери қызметшісі осы медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.

Реклама
Реклама

Әскери қызметкерлер кеуде тұсы жарақаттанып, миы шайқалып ауруханаға жеткізілгені айтылады. Расталмаған ақпарат бойынша, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі апат туралы хабарламаларды зерттеп жатқанын айтты. Reuters агенттігінің тілшілері түсініктеме алу үшін Өзбекстан билігімен байланыса алмады.

Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулға кіріп, Ауғанстанның барлық аумағын бақылауға алғанын жариялады. Ауғанстандағы тұрақсыздық АҚШ әкімшілігінің 11 қыркүйекке дейін ауған жерінен әскерлерді шығаруды аяқтау туралы уәделері аясында күшейе түсті.

Сондай-ақ, тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алды, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram