Өзбекстанда белгілі әнші оқушы қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды

© centralasia.media

Өзбекстандық белгілі әнші Жасур Өміров кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Самарқан облысы прокуратурасындағылар айтты, - деп хабарлайды Centralasia.media.

Өзбекстандық белгілі әнші Жасур Өміров кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Самарқан облысы прокуратурасындағылар айтты, - деп хабарлайды Centralasia.media.

Прокуратура мәліметінше, әнші биыл маусым айының басында 16 жастағы мектеп оқушысына зорлық-зомбылық көрсеткен. Әншінің оқушы қызбен интернет арқылы танысып, кейін үйге шақырып, алкоголь ішкені белгілі болды. 

Бірақ аудандық полиция бөлімінің өкілдері қыздың зорлық жасалғаны туралы өтінішін қабылдамай қойған. Қазанда жүргізілген қосымша тергеу тексерісінен соң ғана Өзбекстан Республикасының 118-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Реклама
Реклама

Бірақ әншінің өзі мұны жоққа шығарып отыр. Құрбысын сол кезде үйде болған достары зорлаған болуы мүмкін екенін айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама