ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2021 | 12:37
Өзбекстанда бесінші күн қатарынан коронавирус бойынша антирекорд тіркеліп жатыр
Өзбекстанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны тағы 738-ге артты. Бұл 2021 жылы бесінші күн қатарынан өзгерген ең үлкен көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны тағы 738-ге артты. Бұл 2021 жылы бесінші күн қатарынан өзгерген ең үлкен көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Өзбекстанда 22 шілдеде коронавирус инфекциясы бойынша 122 786 жағдай (+738) тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында.
Министрлік мәліметі бойынша, сәрсенбіде 2021 жылы бір тәулік ішінде анықталған жағдайлардың саны бойынша жаңа антирекорд тіркелген және ол бесінші күн қатарынан өзгеріп отыр. Сәрсенбіде 719 жаңа жағдай тіркелді, сейсенбіде - 698, дүйсенбіде - 658, жексенбіде - 585.
Өткен тәулікте COVID-19-дан бес өлім жағдайы тіркелді, елдегі пандемиядан қайтыс болғандардың жалпы саны - 819 адам.
Ведомство мәліметінше, Өзбекстанда коронавирустан айыққандардың жалпы саны 117 303-ке жеткен. Бейсенбіде ауруханалардан 548 адам, сәрсенбіде - 746, сейсенбіде - 495 адам шығарылды. Қазір COVID-19-дан 4664 науқас емделіп жатыр.
Өзбекстан билігі 2020 жылдың 15 тамызынан бастап COVID-19-ға қарсы карантинді біртіндеп жеңілдете бастады. 1 қазаннан бастап көліктің кез келген түріне кіру және шығу үшін шекаралар ашылды, кіру туризміне рұқсат етілді. Алайда көктемінде карантин шаралардың сақталуына бақылау күшейтілді. 1 мамырдан бастап жабық залдарда концерттер мен қойылымдарға тыйым салынды, 28 маусымнан бастап Ташкентке аймақтардан автокөліктердің кіруі шектелді, бүкіл ел бойынша тамақтану орындарының, клубтар мен ойын орталықтарының жұмысына 20.00-ден кейін тыйым салынды. Кейінірек билік кинотеатрлар мен театрларды қайтадан жауып, барлық бұқаралық шараларды тоқтата тұруды ұйғарды.
Республикада алғашқы COVID-19 жұқтыру жағдайы 2020 жылдың 15 наурызында анықталған. Биыл 22 шілдеге қарай елде коронавирустың 122 048 жағдайы тіркелді. Барлығы 814 адам инфекциядан қайтыс болды, 116 755 адам емделді.
1 сәуірден бастап елде халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталды. Қазіргі уақытта қытайлық Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutica препаратымен және ресейлік "Спутник V" вакцинасымен вакциналау жүріп жатыр. Тамызда AstraZeneca вакцинасының жаңа партиясын жеткізу жоспарланған, осы уақыт ішінде 3,7 миллионнан аса адам препараттардың бірінші компонентін алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также