Өзбекстанда девальвация: Сом екі есе құнсызданды

© russian.eurasianet.org

?збекстанны? Орталы? банкі ?лтты? валюта ресми ба?амын екі м?рте девальвация?а ?шыратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстанның Орталық банкі ұлттық валюта ресми бағамын екі мәрте девальвацияға ұшыратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық банк сайтындағы мәлімет бойынша, 5 қыркүйектен бастап бағам долларына 8,1 мың сом деңгейінде тіркелді. 

2003-2017 жылдар аралығындағы бағам анықтайтын факторлардың динамикасын сараптау негізінде, сондай-ақ, банктердің шетелдік валютаны импортер кәсіпорындармен келісілген бағамын есепке алғанда, қазіргі уақытта валюта бағамының болжалды деңгейі есеппен 1 АҚШ долларына 8-8,15 мың сом тең", - делінген ОБ хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Өткен аптада бір доллардың құны, ОБ мәліметінше, 4210,35 сом болған. 

Айта кетейік, мұның алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде заңды және жеке тұлғалар 5 қыркүйектен бастап валюта сатып алу және сату операцияларын нарықтағы бағам бойынша еркін жүзеге асыра алатын жарлыққа қол қойған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама