05 тамыз 2019 | 17:51

Өзбекстанда Facebook пен YouTubе-ті бұғаттаған шенеуніктер жазаланды

Өзбекстанның Ақпарат және коммуникациялар агенттігінің басшысы, президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Комил Алламжонов блогер Кирилл Альтманға берген сұхбатында әлеуметтік желілерді бұғаттағандардың "түрмеде отырғанын" айтты, - деп жазады Ca-news.org

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның Ақпарат және коммуникациялар агенттігінің басшысы, президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Комил Алламжонов блогер Кирилл Альтманға берген сұхбатында әлеуметтік желілерді бұғаттағандардың "түрмеде отырғанын" айтты, - деп жазады Ca-news.org

Басылымның мәліметінше, былтыр Өзбекстанда алты ай бойы Facebook пен YouTubе жұмысында келеңсіздіктер байқалған. Сол кезде биліктегілер оны техникалық ақаулармен түсіндірген еді.

Реклама
Реклама

Комил Алламжоновтың айтуынша, Facebook пен YouTube желілерін бұғаттағандар түрмеде жазасын өтеп жатыр. Өзбексатнда әлеуметтік желілердегі негативпен осылай күреседі дейді.

"Биліктегілер Желіде негативтің көбейіп кеткенін айтты. Осылайша Facebook пен YouTube желілерін бұғаттау арқылы жағымсыз ақпараттарды қысқартамыз деп ойлады. Мен олармен біраз сөзге келдім. Мұндай жағымсыз жаңалықтарға контраргумент керектігін айттым. Қазіргі уақытта интернетті өшіріп, ешкімді де жеңе алмайсың. Facebook-ті өшірдік делік, соңында не болды? Барлығы VPN қолданды", - дейді Алламжонов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная