25 наурыз 2021 | 09:21

Өзбекстанда жартылай жалаңаш қыздар ұлттық тағам әзірлеген

© UZBEKISTAN 24

Әлеуметтік желіде өзбекстандықтар жартылай жалаңаш қыздар сумаляк (Өзбекстанда Наурызда дайындалатын тағам - еск.) әзірлеген сәттің видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды UZBEKISTAN 24.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде өзбекстандықтар жартылай жалаңаш қыздар сумаляк (Өзбекстанда Наурызда дайындалатын тағам - еск.) әзірлеген сәттің видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды UZBEKISTAN 24.

Кейін видео Урганчте түсірілгені белгілі болды. Қыздар сондағы "Сахара" түнгі клубында жұмыс істейтін болып шықты. Хорезм облысының ішкі істер басқармасы тексеріс бастаған. 

Реклама
Реклама

Видео халық арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары клуб басшылығын айыптап, мұндай шоу жастар тәрбиесін құртады деген пікір білдірген. 

Хорезм облысының белсенділері қыздарға қарсы шара қолдану үшін сотқа жүгінген. 23 наурызда сот шешімімен видеодағы үш қызға айыппұл салынды, ал екі қыз 15 күнге қамалды. 

"Сахара" клубының басшысы сот кезінде бұл видео желіде тарап, халық талқысына түсетінін білмегенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram