16 наурыз 2020 | 08:59

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті

© REUTERS

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті, - деп хабарлайды Gazetz.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті, - деп хабарлайды Gazetz.uz.

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирус Ташкент тұрғынының қызы мен ұлынан анықталған. Олардың жасы анықталмаған. 

Реклама
Реклама

Елдегі төртінші жағдай 15 наурыз сағат 05:15-те Ыстамбұлдан Ташкентке Uzbekistan Airways арқылы келген (HY274 рейсі) Өзбекстан азаматынан анықталған. Зертхана сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтының вирусология бөлімінде өткен. 

Басылым мәліметінше, дәрігерлер мен мамандар емдеу мен эпидемиологиялық зерттеуді белгіленген стандарттар бойынша жүргізеді. Аурудың елге тарап кетпеуі үшін қажет алдын алу шаралары жүргізіледі. 

Еске салайық, кеше Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді. Вирус 15 наурызда 06:00-де Вирусология институтының зертханасында Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан Covid-19 коронавирусы анықталған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная