ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2020 | 12:16
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатыр
Өзбекстанда тағы бес адамнан коронавирус анықталып, науқастардың саны 23 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 15 наурызда Франциядан оралған әйелден коронавирус анықталған. Ал сәрсенбіде вирус жұқтырғандардың саны 18 адамға жеткен.
"Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанда тағы бес адамнан коронавирус анықталды", - деді министрліктің ресми өкілі.
Оның айтуынша, инфекция Франциядан оралған әйелдің екі туысынан анықталған. Сондай-ақ, осы аптада Ыстамбұл мен Лондоннан ұшып келген екі жолаушы да COVID-19 жұқтырған. Олардың барлығы карантинге жатқызылған.
Еске салайық, мұның алдында Өзбекстанда аурудың елде тарап кетпеуі үшін қажет алдын алу шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также