22 наурыз 2020 | 15:02

Өзбекстанда маскасыз жүруге тыйым салынды

© REUTERS

Өзбекстан билігі COVID-19 тарауына байланысты 23 наурыздан бастап шекараны жабуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан билігі COVID-19 тарауына байланысты 23 наурыздан бастап шекараны жабуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"23 наурыз сағат 00:01-ден бастап барлық адам үшін (Өзбекстаннан шығатын басқа елдердің азаматтарынан басқа) шекара өткізу пункттері жабылады", - делінген жедел штабтың Telegram арнасындағы хабарламасында.

Реклама
Реклама

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 наурызда Франциядан келген тұрғыннан коронавирус анықталған. Жексенбіде вирусты жұқтырғандардың саны 42-ге жеткен. 

Бұған дейін Өзбекстан коронавирустың таралуы қаупіне байланысты 16 наурыздан 30 сәуірге дейін басқа елдермен көлік қатынасын уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған. 

"23 наурыздан бастап азаматтарға Ташкенттің және облыс орталықтарының қоғамдық орындарында медициналық маскасыз жүруіне тыйым салынады. 25 наурыздан бастап тәртіпке бағынбағандарға айыппұл салынады", - делінген хабарламада.

Жедел штаб мәліметтері бойынша, бұл шешімді Өзбекстанда коронавирустың таралуының алдын алу шаралары бағдарламасын дайындау жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдаған. Заңға бағынбаған адамдарға 23 доллар (10 мың теңгедей) айыппұл, тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда 70 доллар (шамамен 30 мың теңге) айыппұл салынады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная