Өзбекстанда оқушы қыздардың пәктігі жаппай тексеріліп жатыр - БАҚ

?збекстанны? Самар?ан облысында жо?ары сынып о?ушыларын ж?не колледж студенттерін гинеколог тексеріп жатыр. Б?л шара жынысты? ?атынасты ерте баста?ан ?ыздарды аны?тау ?шін жасалып отыр екен. Б?л туралы centralasian.org порталына облысты? ?кімшілікті? аты-ж?нін ата?ысы келмеген ?ызметкері хабарлады.

Өзбекстанның Самарқан облысында жоғары сынып оқушыларын және колледж студенттерін гинеколог тексеріп жатыр. Бұл шара жыныстық қатынасты ерте бастаған қыздарды анықтау үшін жасалып отыр екен. Бұл туралы centralasian.org порталына облыстық әкімшіліктің аты-жөнін атағысы келмеген қызметкері хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, мектеп оқушыларын гинекологқа "жас қыздар жастайынан пәктігінен айырылып немесе жүкті болып қалып, масқара болғандығынан суицид жасауының алдын алу үшін" жіберіледі екен. Жыныстық қатынаспен ерте бастан айналыса бастаған оқушы қыздар анықталған жағдайда олардың ата-анасымен педагогтар, дәрігерлер және психологтар жұмыс істейді. Медициналық бақылау барысында өңірде ондаған жүкті қыз анықталған.

Өз кезегінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері шараның мәжбүрлі түрде өтіп жатқанына шағымданған. Айтуларынша, дәрігерлердің қарауынан кейін бір құрбысының жүкті екенін бүкіл колледж студенттері біліп қойған. 

Реклама
Реклама

Шенеуніктің айтуынша, оқушыларды гинекологиялық бақылауға жіберу туралы шешімді жергілікті билік Самарқанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің сөйлеген сөзінен кейін қабылдаған. Мемлекет басшысы бұл сөзінде осы облыста әйелдер мен қыздар арасындағы суицид жағдайының көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Мирзиеевтің айтуынша, соңғы уақытта Самарқанда 145 әйел мен қыз суицидке барған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама