Өзбекстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

© ekburg.tv

?збекстанда президент сайлауы 4 желто?санда ?теді. Б?л туралы журналистерге Орталы? сайлау комиссиясыны? т?ра?асы Мирза-Улугбек Абдусаломов м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының қаулысына және конституция баптары мен Өзбекстан Республикасындағы президент сайлауы туралы заңдарға сәйкес, 4 желтоқсанда Өзбекстанда президент сайланады", - деді Мирза-Улугбек Абдусаломов.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, сайлау кампаниясындағылар өз жұмысын жұма күні, 9 қыркүйекте бастады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 8 қыркүйекте Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытқа атқарушы болып тағайындалған болатын. "Шавкат Мирзиеев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметінен өздігінен бас тартқанын мәлімдеді", - деп хабарлады агенттіктің сұхбаттасушысы.

Ал 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама