07 сәуір 2023 | 16:15

Өзбекстанда тасжолда келе жатқан жүк көлігі аударылып, жарылып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Өзбекстанда лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі еңіске түсіп келе жатқанда жылдамдығы артып, аударылып, жарылып кетті. Жартылай тіркемедегі өнімдер асфальтқа төгіліп, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі еңіске түсіп келе жатқанда жылдамдығы артып, аударылып, жарылып кетті. Жартылай тіркемедегі өнімдер асфальтқа төгіліп, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, оқиға 6 сәуірде күндіз Ташкент-Ош халықаралық тасжолының 259-шақырымында, Камчик асуында болған. Сағат 11:10 шамасында соқтығыс салдарынан жүк көлігі өртеніп, тағы үш көлікті соққан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағы жетіп, олар өртті 25 минут ішінде сөндірді. Өртті сөндіру кезінде асудың бір жағы уақытша жабылды", - деп түсіндірді министрлік.

Қозғалыс 12:30-да қалпына келтірілгені атап өтілді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам зардап шекті, олар жақын маңдағы медициналық мекемеге жатқызылды. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүргізуші жүк көлігінде қаза тапқаны белгілі болды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная