Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды

© flagi.prom.ua

?збекстанда ел т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына орай 31 тамыз?а белгіленген салтанатты шаралар кейінге ?алдырылды, - деп хабарлайды BBC орыс ?ызметі. 

Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды BBC орыс қызметі. 

Басылымның мәліметінше, алдыңғы жылдары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов әдетте жұртшылықтың алдына шығып, халқын осы мерекемен құттықтайтын. Алайда таяуда ауыр жағдайда ауруханаға түсті. 

Алайда басылым мерекелік іс-шаралардың Өзбекстан президентінің ауырып қалуына байланысты кейінге қалдырды ма, жоқ па - ол жағын нақтыламайды. Кәрімовтің басына миына қан құйылып, жансақтау бөлімінде жатқанын оның кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева 29 тамызда хабарлаған болатын. Сол күні Орталық Азияның орыс тілінде хабар тарататын "Ферғана" ақпарат агенттігі Кәрімов 29 тамызда сағат 15-16 шамасында қайтыс болды деген жаңалық таратты. Кейін бұл мәліметті Өзбекстан әкімшілігіндегі дереккөздер жоққа шығарды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама