30 мамыр 2021 | 09:14

Өзбекстанда төрт оқушыны мектеп бітірерден бір күн бұрын көлік қағып өлтірді

© kun.uz

Өзбекстанның Хорезм облысында Nexia көлігінің 39 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола аламай, 11-сыныптың алты оқушысын қағып кетті. Нәтижесінде үш адам оқиға орнында, тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға мектептегі соңғы қоңырауға бір күн қалғанда болған, - деп хабарлайды kun.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның Хорезм облысында Nexia көлігінің 39 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола аламай, 11-сыныптың алты оқушысын қағып кетті. Нәтижесінде үш адам оқиға орнында, тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға мектептегі соңғы қоңырауға бір күн қалғанда болған, - деп хабарлайды kun.uz.

Жергілікті тілшілер мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 24 мамырда сағат 17:40-та Янгиарык ауданының "Аччикуйи" аумағында болған.

Жол апатынан кейін көліктің өзі аударылып, арыққа түсіп кеткен. Қазіргі уақытта екі оқушыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Жүргізушіге қатысты Өзбекстан Республикасы ҚК-ның "Қозғалыс қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная