18 наурыз 2021 09:22

Өзбекстандық шаруа динозавр сүйектерін тапты

Фото: centralasia.media

Өзбекстанның Каратепа ауылында жылыжай жұмыстары кезінде шаруа қожалығының иесі бір метр тереңнен тіршілік иесінің қалдықтарын тапты. Археологтар сүйектер динозавр тұқымдасына тиесілі деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Central Asia басылыман сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда табылған белгісіз тіршілік иесінің қалдықтары индрикотери динозаврына, жойылып кеткен сүтқоректілердің тұқымына жатады. Оны алып мүйізтұмсық деп те атайды. Бұл туралы Наманган мемлекеттік тарих және мәдениет музейіндегілер хабарлады.

Фото: centralasia.media

Реклама
Реклама

Зерттеуді мұражай қызметкерлері, Наманган мемлекеттік университетінің археология кафедрасының археологы Шукурулло Насриддинов және биология кафедрасының доценті Эркин Икромов жүргізді.

Фото: centralasia.media

Индрикотери - құрлықтағы ең ірі сүтқоректілер. Индрикотери қалдықтары жиі табылады және Азияның көптеген жерінде кездеседі: Қазақстанда, Моңғолияда, Пәкістанда, Батыс Қытайда. Бұл жер Олигоцен дәуірінде, шамамен 25 миллион жыл бұрын шексіз жазық дала болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram