ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2021 | 10:20
Өзбекстандық шенеунік жартылай жалаңаш қыздармен түскен видеоға пікір білдірді
Өзбекстанның Сырдария облысында жартылай жалаңаш биші қыздармен видеоға түсіп қалған шенеунік оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстанның Сырдария облысында жартылай жалаңаш биші қыздармен видеоға түсіп қалған шенеунік оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодағы шенеуніктің бірі Human.uz порталына сұхбат беріп, болған жайт арандату үшін жасалып отырғанын айтады.
Нурали Мирзаев - бүгінде хокимнің экс-орынбасары. Ол видео Желіге тарап кеткеннен кейін өз еркімен жұмыстан кеткен.
Мирзаев видео былтыр қазанда түсірілгенін, ал аудан әкімдігінің өкілдері мейрамхананың ашылу рәсіміне қатысуға шақырылғанын растап отыр.
"Біз, бәрі сияқты, тәртіп бұзбай, ешқандай ішімдік ішпей, кешкі асқа жиналдық. Мысалы той кезінде де бишілер ер адамдарға келіп, қастарында билей бастайды, егер оны әйелі көріп отырса, олар да биші тезірек кетсін деген оймен ақша береді. Біз де ыңғайсыз жағдай болып қалмауы үшін оларға ақша бердік. Ешқандай сорақы әрекет болған жоқ. Қоғамға ол біз бишілермен көңіл көтерген сияқты көрініп қалған, шын мәнінде олай емес", - деп түсіндірді ер адам.
Оның айтуынша, видео арандату үшін тарап кеткен.
"Ең алдымен, бұл жұмыстан кейін болған жағдай. Видео алдын ала арнайы жоспарланған деп айтуға болады. Әсіресе маған бағытталған. Себебі мен тек бірнеше рет ақша бергенмін, бірақ оны 4-5 рет көрсетті. (...) Мен өзімді отбасымның, командамның және басшылықтың алдында ақтап алғым келеді", - дейді экс-орынбасар.
Сонымен қатар, Мирзаев видеодағы ер адамдар неліктен бишілерді шығарып жібермегенін түсіндірді.
"Біз оларға жауап бере алмаймыз. Белгіленген тәртіп бойынша шығарып салу керек. Егер оларға дөрекіленіп, қуып жіберсек, оның салдары басқа болуы мүмкін. Ондай жайт қарапайым тұрғындарда да болып тұрады. Бірақ біз хокимият қызметкерлері болғандықтан болған жайт қоғам алдында басқаша көрініп кеткен сияқты. Істемеген нәрсеме жауап бергендей болдым", - дейді Мирзаев.
Еске салайық, бұған дейін Желіде өзбекстандық шенеуніктердің жартылай биші қыздарға ақша қыстырып жатқан видеосы тарап кеткен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также