Өзбекстанға Ауғанстан аумағынан бес реактив снаряд құлады

Сейсенбі, 5 шілдеде Өзбекстанның шекаралас аумағына Ауғанстан аумағынан бес реактив снаряд құлады. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсенбі, 5 шілдеде Өзбекстанның шекаралас аумағына Ауғанстан аумағынан бес реактив снаряд құлады. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 5 шілдесінде сағат 16.20 шамасында Өзбекстанның шекаралас аумағында Ауғанстан аумағынан бес реактив снаряд ұшып құлағаны байқалды. Снарядтар құлаған кезде жарылыстар болмағанын, соның салдарынан адам шығыны мен ғимараттарға зиян келмегенін атап өту қажет. Термез қаласының "Мажнунтол" махалласындағы төрт жеке үйге аздаған зиян келтірілді, бесінші снаряд футбол алаңында табылды. Табылған снарядтарды саперлер бөлімшесі залалсыздандырды", - делінген хабарламада. 

Өзбекстандық БАҚ-тар реактив снаряд құлаған жерлерден фото және видеоларды жариялай бастады. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама