Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды

Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды

Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Еске салайық, коронавирус Өзбекстанда алғаш рет наурызда анықталған болатын. Ал жексенбіде науқастардың саны 51 235-ке жетті. Коронавирустан барлығы 429 науқас қайтыс болды.

Тамыз айында жаңа жағдайлардың саны күніне 600-700-ден 200-300-ге дейін азайды. Алайда қыркүйек айында динамика қайтадан өсті.

Реклама
Реклама

"Уктам Исаевич Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды", - деді елдің министрлер еабинеті жанындағы оперштаб өкілі.

Барноев осы жылдың ақпан айында Өзбекстандағы аграрлық және азық-түлік секторларын басқаратын вице-премьер лауазымына тағайындалған еді. Бұған дейін ол Республиканың Бұхара облысын басқарған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама