14 желтоқсан 2021 | 08:50

Өзбектер мен қырғыздар ММА турнирінде жаппай төбелес шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© sport24.ru

Мәскеудегі WKF лигасының аралас жекпе-жегіндегі іріктеу турнирі жаппай төбелеспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеудегі WKF лигасының аралас жекпе-жегіндегі іріктеу турнирі жаппай төбелеспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Іріктеу жекпе-жектерінің бірінде жеңіске жеткеннен кейін Өзбекстан өкілі Намазан Самиев кез келген қарсыласпен күресуге дайын екенін айтқан. Залдан қарсылас табылған кезде ұйымдастырушылар дуэль өткізуді ұсынды, жекпе-жек кезінде Самиев күтпеген жерден қарсыласын тізесімен ұрған.

Осындай әрекеттен кейін 50-ге жуық адам торға қарай жүгіріп, өзбек спортшысына шабуыл жасаған, содан кейін жаппай төбелес басталып кеткен.

Реклама
Реклама

Журналист Александр Лютиков көрермендердің бірі төбелесті татуластырумен аяқтағанын хабарлады.

"Өзбектер! Қырғыздар! Біз бауырмыз! Неге бұлай істеп жатсыңдар? Бұл - спорт, солай болады!" - дейді ер адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная