Пәкістанда пойыз өртенді: қаза тапқандар саны 60-тан асты

© REUTERS

Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында пойызда газ баллоны жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 62-ге жетті, ондаған адамадар жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Реклама
Реклама


Фото ©REUTERS

Осыған дейін, Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алғаны айтылған еді. Компания өкілінің айтуынша, өрт - тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан. 

Пәкістан темір жол министрі Geo TV телеарнасына берген сұхбатында Шейх Рашидтің айтуынша, көптеген адамдар қозғалыс кезінде өртеніп жатқан пойыздан секіремін деп қайтыс болған. 


Фото ©REUTERS

Дәрігерлер қаза тапқандардың көбісінің кім екенін анықтай алмай жатыр екен. Кейбіреулері қатты күйіп қалған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама