Пәкістанда университетке жасалған шабуылға қарсы ереуіл өтті

Пәкістанда университетке жасалған шабуылға қарсы ереуіл өтті © "24.kz"

Пәкістанда университетке жасалған шабуылға қарсы ереуіл өтті, - деп хабарлайды "24.kz".

Телеарнаның мәліметінше, жиылған жұрт елдің қауіпсіздік күштерінің қызметіне көңілі толмайтынын жеткізген. Ереуілге шыққандар содырлардың елде бейбіт күні атыс ұйымдастырғанына наразы болған.

Еске салайық, кеше Пәкістанда содырлардың шабуылынан 25 адам қаза тапқан болатын. Содырлар тобы Чарсадда қаласындағы университеттердің біріне сәрсенбі күні таңертең басып кірді. Айта кетейік, шабуыл кезінде оқу мекемесінде шамамен 3 мың студент болған. Қылмысты елдегі "Талибан" ұйымы өз мойнына алды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама