27 ақпан 2019 | 17:13

Пәкістан Үндістан әскерінің екі ұшағын құлатты

Видео кадрынан

Пәкістан әскері Үндістан әскери-әуе күштерінің екі ұшқышын тұтқындады, сәрсенбі күні таңғы уақытта елдің әуе кеңістігі ережесін бұзды деген айыппен олардың ұшақтарын атып түсірген. Бұл туралы Пәкістан әскери қызметкерлерінің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пәкістан әскері Үндістан әскери-әуе күштерінің екі ұшқышын тұтқындады, сәрсенбі күні таңғы уақытта елдің әуе кеңістігі ережесін бұзды деген айыппен олардың ұшақтарын атып түсірген. Бұл туралы Пәкістан әскери қызметкерлерінің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Екі (үндістандық) ұшақты атып түсірдік. Олардың бірі біздің аймағымызға, екіншісі - Кашмирдің Үндістан бақылайтын аймағына құлады. Екі ұшқыш та тұтқындалды. Олардың бірі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Екінші ұшқыш абақтыға қамалды", - деді Пәкістан қарулы күштері баспасөз қызметінің басшысы генерал-майор Асиф Гафур.

Реклама
Реклама

Кейінірек Pakistan Today бейнежазба жариялады, бұл видеода тұтқынға түскен үндістандық ұшқыштардың бірі болуы ықтимал. 49 секундтық бейнероликте ұшқыш журналистерге өз есімі мен әскери лауазымын атады: авиациялық бөлімнің командирі Абхи Ананд. Видеода әскери қызметкер жабық бөлмеге қамалған. Оның бір көзі шүберекпен байланған, ал беті қанға боялған.

"Жеке нөмірім - 27981, мен үндімін. Ұшқышпын. Жарақаттандым. Сіздерге айтар ақпаратым - осы ғана", - деді бейнероликтегі ер адам.

Алайда үндістандық ANI агенттігінің мәліметінше, Джамму мен Кашмирде ұшақ емес, тікұшаған құлаған.

"Джамму штаты мен Кашмирде құлаған әуе кемесі Үндістан ӘӘК-нің Ми-14 тікұшағы болып шықты", - делінген агенттіктің Twitter парақшасында.

Нью-Дели бұл жағдайға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. PTI агенттінің хабарлауынша, Үндістан ӘӘК дұшпан елдің әрекеті салдарынан зардап шеккен ұшақтар туралы ақпарат алмаған.

Айта кетейік, сейсенбіге қараған түні үндістандық авиация Кашмирдің пәкістандық бөлігіндегі "Джаиш-е-Мухаммад" исламдық тобының жаттығу лагеріне соққы жасаған. Сол соққының салдарынан исламдық топтың көптеген мүшелері және олардың көліктері, қарулары мен оқ-дәрілері жойылды.

Үндістан СІМ басшысының орынбасары Виджей Гокхаленің айтуынша, ескертпелі соққы жасау қажет болған. Себебі исламдық топ елдің түрлі аймақтарында жанкештілердің қатысуымен шабуылдар жоспарлап жатқан. Оның үстіне, Нью-Делидің пікірінше, Пәкістан өз аймағындағы лаңкестердің инфрақұрылымдарын жоюға бағытталған ешқандай қадам жасаған жоқ.

Бұған дейін "Джаиш-е-Мухаммад" 14 ақпанда Үндістанның әскери полиция колоннасына жасалған шабуылды өз мойнына алған болатын. Сол шабуылда 45 әскери қызметкер қаза тапқан еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная