ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2023 | 10:46
Пәкістанда бұрынғы премьер-министр қамауға алынғаннан кейін наразылықтар басталды
Пәкістанда бұрынғы премьер-министр Имран Хан қамауға алынған соң наразылық шерулері басталды. Пәкістанның бірқатар қалаларында шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Geo TV-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пәкістанда бұрынғы премьер-министр Имран Хан қамауға алынған соң наразылық шерулері басталды. Пәкістанның бірқатар қалаларында шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Geo TV-ге сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жергілікті полиция жаппай наразылық ошағын тарату үшін арнайы құралдарды қолданған. Шерулер елдің бұрынғы премьер-министрі және "Техрик-и-Инсаф" оппозициялық партиясының жетекшісі Имран Хан ұсталғаннан кейін ұйымдастырылды.
"Елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында, сондай-ақ солтүстік-батыстағы Лахор мен Фейсалабадта көзден жас ағызатын газ бен су атқыштар қолданылды. Наразылық білдірген экс-премьер Исламабад пен Пешаварда жақтастары көшелерді жауып тастады", - деп хабарлайды телеарна.
Жоғарыда аталған қалаларда наразылық білдірушілер полиция көліктерін өртеп, мемлекет мүлкін талқандады.
Бұған дейін Пәкістан билігі елдің экс-премьерін Al-Qadeer Trust ісі бойынша Ұлттық есеп беру бюросының (Экономикалық барлау) қызметкерлері тұтқындағанын хабарлаған. Көп ұзамай "Техрик-е-Инсаф" партиясы Ханның тұтқындалуына байланысты жаппай шерулер өткізуге шақырды.
Ұлттық есеп беру бюросы Ханға, оның әйеліне және оппозициялық "Техрик-е-Инсаф" партиясының жетекшілеріне қатысты тергеу бастады. Тергеушілердің айтуынша, "Әл-Қадир университетін" құруға сенім білдіріп, олардың осынау іс-әрекеттері Пәкістан мемлекетінің қазынасына 50 миллиард рупий зиян келтірген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также