Пәкістанда теракт болды: 50-ден аса адам қаза тапты, 100-ге жуығы зардап шекті

Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында өлімші лаңкестің өзін-өзі жаруынан кем дегенде 53 адам қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости Dawn агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін 25 адамның қаза болғаны хабарланған еді. Агенттіктің мәліметінше, 100-ден аса адам зардап шеккен. Жарылыс балалар саябағының маңында болған. 

Қазіргі уақытта жарылысқа жауапкершілікті ешбір террор ұйымы алмады. Мұның алдында Пәкістан армиясы Ауғанстанмен шекаралас өңірде антитеррор операциясының шешуші кезеңінің басталғанын жария еткен еді. Пәкістанның қарулы күштері 2014 жылдың жазында "Әл-Каида", "Талибан", "Шығыс Түркістанның Ислам қоғалысы" және "Өзбекстанның ислам қозғалысына" қарсы  Зарб-е-Азб (Zarb-e-Azb) деп аталатын "бірегей операцияның" басталғанын мәлім еткен еді. 

Реклама
Реклама

Арнайы операцияға пәкістандық 30 мыңға жуық жауынгер тартылды. Пәкістан билігінің мәліметінше, ірі кампания басталғалы бері 2,8 мың содырдың көзі жойылыпты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама