23 мамыр 2020 | 18:30

Пәкістандағы ұшақ апатынан аман қалған екі адамның бірі болған оқиғаны баяндап берді

Пәкістанда Airbus A-320 ұшағының апатқа ұшырауынан аман қалған екі адамның бірі болған оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пәкістанда Airbus A-320 ұшағының апатқа ұшырауынан аман қалған екі адамның бірі болған оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мұхаммед Зубаирдің айтуынша, ұшқыш әуе кемесін сәтті қондыра алмаған соң, ондағы жолаушылар дұға ете бастаған екен. Айтуынша, "ұшақ құлайды деп ешкім ойламаған". Ал ол қайта қонатыны туралы хабарланғанда, шамамен 10-25 минуттан кейін "қатты соққы болып", ер адам есінен танған. Көзін ашқанда "барлық жер түтін" болған және "айналасында барлығы айқайлап жатқан".

Реклама
Реклама

"Өрт қана көрінді. Адамдарды көрмедім, тек олардың айқайы естілді. Қауіпсіздік белдігін шешіп,, жарықты көрдім де соның артынан жүрдім. Қауіпсіз орынға жету үшін шамамен 10 фут төменге (шамамен үш метр) секіруге тура келді", - деді ол.

Зубайра ауруханаға жеткізілді. Қазір, айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді, бірақ қолы мен аяғы күйіп қалған. Апат кезінде аман қалған екінші адам - Пенджаб банкінің президенті Зафар Масуд, апат кезінде бірнеше жері сынған.

Еске салайық, 22 мамырда Пәкістанның Лахор қаласынан Карачи қаласына ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады.

Дереккөз мәліметінше, Airbus A320 Карачидегі тұрғын үйлердің біріне құлаған. Салдарынан бірнеше үй бүлінген. 97 адам қаза тапты. Лайнер бортында барлығы 99 адам болған. Олардың екеуі ғана аман қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная