Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф Дубайда қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф Дубайда қайтыс болды Daniel Berehulak/Getty Images

Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф Дубайдағы ауруханада ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters.

Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф Дубайдағы ауруханада ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters.

Пәкістан әскери күштері 2008 жылы биліктен шеттетілген 79 жастағы Мушарраф қайтыс болғанын растаған.

Ол 2013 жылы мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Алайда экс-президент Дубайға қашып үлгерді, онда ол ұзақ уақыт эмиграцияда өмір сүрді.

Жарнама
Жарнама

Первез Мушарраф 2003-2005 жылдар аралығында үш қастандық әрекетінен аман қалған. Пәкістан әскерінің, флотының және әуе күштерінің бас қолбасшылары оның қазасына көңіл айтты.

Первез Мушарраф 2001 жылдан 2008 жылға дейін Пәкістан президенті қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама