03 қараша 2021 14:15

Панамада "Игра в кальмара" стиліндегі кеш соңы атысқа ұласты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: ©REUTERS

Панамада "Игра в кальмара" стиліндегі кеш соңы атысқа ұласып, кем дегенде сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Панамада "Игра в кальмара" стиліндегі кеш соңы атысқа ұласып, кем дегенде сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 29 қазанда Санта-Ана қаласындағы боулинг клубында "Игра в кальмара" сериясының негізінде безендірілген Хэллоуин кешінде болды. Кеште екі жергілікті қылмыстық топ атыс ұйымдастырған. Нәтижесінде, бес адам оққа ұшып, жақын маңдағы қоқыс жәшігінен тағы үш адамның мәйіті табылған

Реклама
Реклама

Покуратор Рафаэль Балойестің айтуынша, кеш қонақтарының бірі бәсекелес "Los Galácticos" қылмыстық бандасының мүшелеріне бей-берекет оқ атқаннан кейін атыс басталған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл жасаған адам сол жерде көз жұмған. Құқық қорғау органдары екі күдіктіні, оның ішінде атыс құрбандарының бірінің ағасын ұстады.

Бұған дейін америкалық және еуропалық мектептер "Игра в кальмара" сериалына негізделген Хэллоуин костюмдеріне тыйым салған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram