23 шілде 2021 | 09:22

Пандемияда 800 мыңға жуық бала жетім қалды - зерттеу

Фото: elements.envato.com

Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирус инфекциясынан болған өлім жағдайларына алғаш рет зерттеу жасап, салдарынан балалар ата-анасыз немесе қамқоршысыз қалды және COVID-19 пандемиясы әлемдегі жетімдік мәселесін едәуір ушықтырды деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирус инфекциясынан болған өлім жағдайларына алғаш рет зерттеу жасап, салдарынан балалар ата-анасыз немесе қамқоршысыз қалды және COVID-19 пандемиясы әлемдегі жетімдік мәселесін едәуір ушықтырды деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына сілтеме жасап. 

Зерттеу авторлары математикалық модельдеу әдісін қолданған және 21 елде 18 жасқа дейінгі балаларға алғашқы немесе қайталама күтім жасайтындар арасында COVID-19-ға байланысты өлім мен дүниеге бала әкелу туралы деректерді талдаған.

Лондон Империялық колледжі ғалымдарының талдауы бойынша, 2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың сәуіріне дейін 21 елде (Аргентина, Бразилия, Колумбия, Англия, Уэльс, Франция, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Кения, Малави, Мексика, Нигерия, Перу, Филиппин, Польша, Ресей, Оңтүстік Африка Республикасы, Испания, АҚШ және Зимбабве) COVID-19 пандемиясы салдарынан кем дегенде 1 134 000 бала жетім қалған немесе ата-әжесінен айырылған. Зерттеу нәтижелері The Lancet журналында жарияланды.

Реклама
Реклама

Зерттеушілердің айтуынша, пандемияның алғашқы 14 айында 1 миллионнан аса бала ата-анасының бірінен немесе екеуінен де айырылған. Тағы шамамен 500 мың бала бірге тұрған ата-әжесінен айырылған. Жалпы, ата-анасынан немесе өзінен үлкен туыстарынан айырылған балалар саны 1,562 миллионға жетті.

Жалпы алғанда ата-анасынан немесе үлкен туысынан айырылған балалар саны 788 704-ке жеткен. Жетім балалар саны бойынша бірінші орында Мексика - 141,1 мыңнан аса. Бразилияда 130,3 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ата-анасынан айырылды. Үшінші орында АҚШ тұр - 113,7 мың бала. Ресей де жаһандық талдауға кірді, елде 29,7 мыңнан аса бала ата-анасынан айырылды.

Ғалымдар вирустың жаңа штамдарының таралуы және вакцинацияның баяулауы пандемия кезінде жетім балалар санының өсуіне әкелуі мүмкін екенін айтады. Мамандар ересектердің коронавирустан қайтыс болуы тез арада шешуді қажет ететін жаһандық проблема екенін мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная