ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2020 | 09:50
"Пандемияға байланысты". Қытай АҚШ экономикасын қашан басып озатыны айтылды
Коронавирус пандемиясына байланысты 2028 жылы Қытай экономикасы америкалық экономиканы бес жылға ерте басып озады. Бұл туралы Bloomberg Centre for Economics and Business Research зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.

Сарапшылар 2019 жылы Қытай АҚШ-ты 2033 жылға қарай басып озатынын болжаған. Алайда COVID-19 зерттеушілердің болжамына әсер етпей қоймаған. Сарапшылар Қытай коронавирус пандемиясынан жақсы өткенін және тезірек қалыпқа келе жатқанын айтады.
Бүгінде Қытай экономикасы ірі елдер арасында, оның ішінде, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Үндістан және Франция алдында екінші орында.
Centre for Economics and Business Research болжамы бойынша, 2030 жылға қарай үштіктегі елдердің әрқайсы бір орынға төмен түседі және бұл жағдай 2035 жылға дейін жалғасады. Ал Үндістан экономикасы дамыған елдер арасында үшінші орынға шығуы мүмкін.
Айта кетейік, қарашада Си Цзиньпин ел экономикасы 2035 жылға қарай "екі еселенуі әбден мүмкін екенін" айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также