30 маусым 2019 | 13:01

Папуа-Жаңа Гвинеяда жанартау атқылады

Папуа-Жаңа Гвинеяда Улавун жанартауы атқылап, Манам аралындағы алты елді мекенді күл басып қалды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Папуа-Жаңа Гвинеяда Улавун жанартауы атқылап, Манам аралындағы алты елді мекенді күл басып қалды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Табиғат апатынан тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оған әскерилер жұмылдырылды. Мәліметке қарағанда, аталған ауданда 9 мыңға жуық адам тұрады. Билік өкілдері өңірдің шалғайда орналасуына байланысты жергілікті халықты қауіпсіз жерге көшіру ұзаққа созылуы мүмкін деп отыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Папуа-Жаңа Гвинея "Тынық мұхитының отты сақинасы" деп аталатын сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Жер бетіндегі зілзаланың 90 пайызы осы аумақта болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная