04 шілде 2023 | 12:28

"Папуашвили, маған мұқият қара". Саакашвили сотта кінәлілер өзінен кешірім сұрауын талап етті

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Михаил Саакашвили. Фото:facebook.com/daryna.chyzh

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ақпан айынан бері алғаш рет ауруханадан бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатысты. Ол өте қатты азып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ақпан айынан бері алғаш рет ауруханадан бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатысты. Ол өте қатты азып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тікелей эфирдегі скриншоттарды саясаткердің бұрынғы баспасөз хатшысы Дарья Чиж Facebook парақшасында жариялады. Саакашвили ауруханада жатып қаншалықты азып кеткенін тағы бір көрсетті.

Реклама
Реклама

Сот отырысында Саакашвилидің айтуынша, Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің үшінші президенттің еуропалық жақтастары грузин халқынан кешірім сұрауы керек деген. Папуашвилидің айтуынша, Грузияны Михаил Саакашвилидің грузиндік және шетелдік достары тәртіпсіздік туғызу үшін құрбан еткен.

"Еуропа парламенті мені босатуды талап еткені үшін кешірім сұрауы керек екен. Мен парламенттің президенті деп аталатын адамға айтқым келеді, мені осы күйге жеткізгеніңіз үшін, еуропа парламент депутаттарынан, менің отбасымнан кешірім сұрауыңыз керек. Украина мемлекетінен және грузин мемлекетінің негізін қалаушының осындай күйде болғаны үшін кешірім сұраңыз. Папуашвили, маған мұқият қара", - деді Саакашвили сотта.

Саясаткер ауруханада жатып қалай арықтағанын тағы бір көрсетті. Қазір қамаудағы экс-президенттің салмағы қанша екені айтылмаған, бірақ Чиж қыста оның салмағы 69 келі екенін жазған. Сот отырысының басында Саакашвилидің салмағы 120 келі болған.

Саясаткердің қазіргі келбеті туралы суретті жергілікті Mtavari парақшасы жариялады.

Украина президенті Владимир Зеленский Саакашвилидің жағдайына наразылығын білдірді.

"Бүгін мен Сыртқы істер министрлігіне Грузияның Украинадағы елшісін шақыруды, оған қатаң наразылық білдіруді және елімен кеңесу үшін 48 сағат ішінде Украинадан кетуді ұсынуды тапсырдым", - деді Зеленский.

Ол ресми Тбилисиге Саакашвилиді емдеу үшін Украинаға жіберуді сұрады. Сонымен қатар серіктестерінен оның жағдайын назардан тыс қалдырмауды өтінді.

Еске сала кетейік, Грузияда Михаил Саакашвилиге қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған болатын. 2018 жылы Грузияның экс-президенті өз елінде сырттай 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 2021 жылғы жергілікті сайлау қарсаңында Саакашвили Грузияға келіп, сол жерде бірден ұсталып, түрмеге қамалды. Осыдан кейін саясаткер аштық жариялап, өзін "саяси тұтқын" деп атады. Саакашвилиге қатысты "Грузия шекарасын заңсыз кесіп өту" бойынша іс қозғалды.

2021 жылдың қазан айында Михаил Саакашвили түрмеде отырып аштық жариялады. Ол 50 күн бойы аштық жариялап, оңалту үшін Горидегі әскери госпитальға жеткізілгеннен кейін ғана тоқтатты. Алайда 2022 жылдың 21 ақпанында түрмеге оралғаннан кейін саясаткер тағы 20 күнге созылған аштық жариялады. 2022 жылдың 12 мамырында денсаулығының нашарлауына байланысты ол түрмеден Тбилиси маңындағы жеке емханаға ауыстырылды. Осы жылдың наурыз айында Саакашвили түрмеден ауыстырылған ауруханада "өлімнің алдында тұрғанын" айтқан болатын.

Осыған дейін Грузия президенті Саломе Зурабишвили экс-президент Михаил Саакашвилиге неліктен рақымшылық жасаудан бас тартқанын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная