22 маусым 2023 | 09:02

Парижде жарылыс болды, 37 адам зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент
© Europe 1

Париж орталығында 21 маусымда жарылыс болып, өрт шықты. Кем дегенде 37 адам зардап шекті. Төртеуі ауыр жағдайда, тағы екі адам үйінділердің астында болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Париж орталығында 21 маусымда жарылыс болып, өрт шықты. Кем дегенде 37 адам зардап шекті. Төртеуі ауыр жағдайда, тағы екі адам үйінділердің астында болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Франция астанасының бесінші ауданында, Люксембург бағы мен Пантеонға жақын жерде, Париждегі Америка академиясының ғимаратында болған.

Реклама
Реклама

Алдын ала болжам бойынша, газдың жарылуынан кейін зардап шеккен ғимараттың қасбеті жолға құлағаны хабарланды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланған.

© leparisien.fr

Оқиға орнына 200-ден аса өртсөндірушілер, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго барған.

"Бесінші аудан Сент-Жак көшесіндегі жарылыс. Париждегі өртсөндірушілер, полиция және төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында. Менің ойым, ең алдымен, зардап шеккендер мен олардың жақындары туралы", - деп жазды Идальго Twitter-де.

Прокурорлар жарылыс себебінің екі нұсқасын - "қауіпсіздік ережелерін бұзу" және "жеке адамдардың абайсыздығы" бойынша зерттеп жатыр. Бұл туралы Париж прокуроры Лор Бекюо брифингте хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная