Париж түбінде көлік жүргізушісі әскерилерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

© Spektr.press

Париж ма?ында?ы Леваллуа-Перре ?аласында автомобиль ?скерилер тобын ?а?ып кетті, олар антитеррорлы? Sentinelle операциясына ?атысып жат?ан, - деп хабарлайды Reuters.

Париж маңындағы Леваллуа-Перре қаласында автомобиль әскерилер тобын қағып кетті, олар антитеррорлық Sentinelle операциясына қатысып жатқан, - деп хабарлайды Reuters.

Алты адам зардап шекті - төртеуінің жарақаты жеңіл, ал екеуі едәуір жараланған. Көлік тізгінінде болған адам оқиға орнынан қашып кеткен. Париж полиция басқармасы оның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. BMTV мәліметінше ол қара нәсілді ер адам. Оның көлігінің маркасы да белгілі болды - BMW.

Телеарна өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша 08:15-те болған. Әскерилер казармадан келе жатқан. Ауыр жарақат алған екі адам Париждің солтүстік департаментіндегі О-де-Сенедегі Перси әскери госпиталіне жеткізілген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама