ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қазан 2020 | 07:22
Пашинян Армения шегінуге дайын екенін мәлімдеді
Армения премьері Никол Пашинян егер Таулы Қарабақ бойынша Әзербайжан шегінсе, онда Армения да солай жасауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Армения премьері Никол Пашинян егер Таулы Қарабақ бойынша Әзербайжан шегінсе, онда Армения да солай жасауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Қақтығысты екіжақты өзара шегіну арқылы шешу керек. Егер Әзербайжан шегінуге дайын болса, Таулы Қарабақ дайын және Армения да дәл солай шегінуге дайын", - деді Пашинян.
Бұған дейін Армения Қорғаныс министрлігінің өкілі сәйсенбі, 6 қазанда Степанакертке әзербайжандық қарулы күштер тарапынан зымыранмен жасалған соққыдан жарақат алғандар барын айтқан.
"Бүгін жау Степанакертке, үйлерге, құрылысқа, инфрақұрылымға зымыранмен соққы жасады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар бар", - деді Ованнисян.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также