Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді Фото: ArmenPress

Армениядағы Ұлттық Жиналыс сайлауында "Азаматтық келісім" партиясы жеңіске жетті, ол үкіметті жеке-дара жасақтайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ArmenPress-ке сілтеме жасап.

Армениядағы Ұлттық Жиналыс сайлауында "Азаматтық келісім" партиясы жеңіске жетті, ол үкіметті жеке-дара жасақтайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ArmenPress-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Армения премьер-министрі әрі "Азаматтық келісім" партиясының төрағасы Никол Пашинян мәлімдеді.

Пашинянның айтуынша, 2021 жылғы алдыңғы сайлаумен салыстырғанда партия бұл жолы көп азаматтың қолдауына ие болған.

"2021 жылмен салыстырғанда "Азаматтық келісім" партиясы Армения Республикасының көбірек азаматының дауысын, көбірек азаматтың сенім мандатын алғанын баса айтқым келеді. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді", - деп атап өтті премьер-министр.

Жарнама
Жарнама

Media From Turkiye журналисінің сұрағына жауап бере отырып, Пашинян "Армения халқы Түркия және Әзербайжанмен бейбітшілік орнату үшін дауыс берді" деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл елдерден оң жауап күтетінін атап өтті. "Әрине, біз Түркиямен шекараның ашылуын күтеміз", - деді ол.

Пашинян сайлау нәтижелері азаматтардың мемлекет, тәуелсіздік және бейбітшілік пайдасына таңдау жасағанын айғақтайтынын қадап айтты.

"Бұл Армения Республикасының азаматы өз мемлекетіне, өз тәуелсіздігіне, өз болашағына және бейбітшілікке ие болды дегенді білдіреді. Қымбатты Армения Республикасының азаматтары, баршаңызды жақсы көремін, бәріңізді мақтан тұтамын және алдарыңызда басымды иемін. Қаза тапқан батырларға даңқ, жасасын Армения Республикасы!" - деп түйіндеді Пашинян.

Сайлаудың ресми нәтижелері әлі белгісіз, дауыстарды санау жалғасады.

Бұған дейін Армения Орталық сайлау комиссиясы шетелдегі парламенттік сайлаудың электронды дауыс беру нәтижелерін жариялаған болатын. Олар "Азаматтық келісім" партиясының жеңісін көрсетті, экзитполдар да Пашинян партиясының басымдығын растады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама