21 наурыз 2021 | 12:48

Пашинян Қарабақтағы жанжалда нақты қанша адам қаза тапқанын айтты

© Reuters

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта қаза тапқандардың санын айтты. Бұл туралы ол Арагацотнский тұрғындарымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта қаза тапқандардың санын айтты. Бұл туралы ол Арагацотнский тұрғындарымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"Біз көп адам жоғалттық, 10 мың адам қайтыс болды деп айтқандар да бар. Алайда ресми сан - 3250", - деді Пашинян. 

Тағы 189 отбасы сараптама нәтижесін күтіп отыр. Сонымен қатар, із-түссіз жоғалып кеткендер тізімі де бар, алайда оны да нақтылау керек. Себебі соңғы бірнеше айда тізімдегі 10 табылған, оның біреуі "Звартноц" әуежайынан табылған. 

Реклама
Реклама

Алайда нақты деректер пайда болса да қаза тапқандар саны төрт мыңнан аспайды. Пашинян қаза тапқандар санын саяси алыпсатарлық мақсатында еселемеуге шақырды. 

Айта кетейік, Қарабақтағы жанжал 1988 жылдың ақпанында Таулы Қарабақ автономдық облысы Әзербайжан ССР-нің құрамынан шығатынын мәлімдеген кезде басталған. 1992-1994 жылдар арасындағы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылау күшінен айырылған. 1992 жылдан бастап жанжалды бейбіт шешу мақсатында үш төраға - Ресей, АҚШ және Франция бастаған ЕҚЫҰ-ның Минск тобы аясында келіссөздер жүргізіліп келе жатыр. Әзербайжан өзінің аумақтық тұтастығын сақтауды талап етсе, Армения мойындалмаған республиканың мүдделерін қорғайды, себебі Таулы Қарабақ Республикасы келіссөздер тарапына жатпайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная