Пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтіргендердің видеосы пайда болды

Пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтіргендердің видеосы пайда болды

Желіде пауэрлифтингтен ?лем чемпионы, ресейлік атлет Андрей Драчевті ?лтіргендерді? видеосы пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Желіде пауэрлифтингтен әлем чемпионы, ресейлік атлет Андрей Драчевті өлтіргендердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости

YouTube желісіне жүктелген видеоға қарағанда, белгісіз ер адам спортшыға шабуыл жасағаны көрінеді. Ол атлетке айналып келіп, аяқпен соққы жасаған кезде пауэрлифтер құлап түседі. Алайда ер адам оған шабуылдауын тоқтатпайды. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ресейдің Хабаровск өлкесінің Тергеу комитеті өкілдері Андрей Драчевтің Хабаровскіде ми жарақатынан қайтыс болғанын хабарлаған еді. Спортшыға шабуыл жасаған ер адам қашып кеткен, алайда оның аты-жөні анықталып, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған. 


© Фото: Артем Басниннің аккаунтынан

Андрей Драчев  - пауэрлифтингтен әлем чемпионы және Еуропа чемпионы. 32 жастағы спортшы 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Карьерасын аяқтағаннан кейін ол бодибилдингпен айналысқан. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама