ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2022 | 15:41
Пелоси корейаралық шекара аймағына барады - БАҚ
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси корейаралық шекара аймағына баруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси корейаралық шекара аймағына баруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қазір Азия елдерінде сапарда жүрген АҚШ конгресінің басшысы Нэнси Пелоси Тайваньға сапарынан кейін Оңтүстік Кореяға ұшып кетті. Оның ұшағы америкалық әскери Осан базасына қонды.
Оңтүстік Кореяға екі күндік сапарында Пелоси 1953 жылы соғыс аяқталып, корейаралық бітімге қол қойылған Пханмунджом ауылына барады. Шекара аймағы АҚШ БҰҰ қолбасшылығы мен Солтүстік Кореяның бірлескен бақылауында.
Егер сапар сәтті болса, ол Біріккен қауіпсіздік аймағына барған АҚШ-тың екінші жоғары лауазымды шенеунігі болады. 2019 жылы Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездесуге барған бұрынғы президент Дональд Трамп аймаққа барған алғашқы АҚШ шенеунігі.
Сонымен қатар, Пелоси Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясының спикері Ким Джин Пемен кездесіп, КХДР тарапынан қауіптердің күшеюіне алаңдаушылық білдірді.
Сондай-ақ, ол қазір демалыста жүрген Корея президенті Юн Сок Елмен телефон арқылы сөйлеседі деп жоспарланған.
Еске салайық, АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін шиеленісе түсті. Ол аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.
Пелоси Тайбэйде жоғары лауазымды заң шығарушылармен және Цай Инвэнь аралының әкімшілік басшысымен кездесті. АҚШ конгресінің басшысы ұшақтан түсе сала, Қытай армиясы Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также