02 тамыз 2022 22:41

Пелоси мінген ұшақ Тайвань әуежайына қонды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келіп, Тайбэйдегі Суншань әуе базасының әуежайында ұшақ баспалдағымен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTI TV телеарнасының тікелей эфиріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пелоси қызғылт костюм киген, оның бетінде медициналық қорғаныш маска бар. Оны жергілікті шенеуніктер қарсы алды.

Тайваньдық БАҚ хабарына қарағанда, Пелоси 3 тамызға дейін Тайбейде қалуы мүмкін. Оның делегациясы үшін бес жұлдызды Grand Hyatt қонақүйінің нөміріне тапсырыс берілген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қытай билігі АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары жағдайында ең қатаң шаралар қабылдауға ниетті екенін мәлімдеген.

Бұған дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің өсуі аясында АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасаған болатын.

Қытай неге АҚШ-пен соғысуға дайындалып жатыр?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram