ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сәуір 2022 | 09:13
Пентагон Лавровтың ядролық соғыс қаупі туралы сөзіне жауап берді
Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Кирбидің айтуынша, АҚШ Украинадағы қақтығыс шиеленіскенін қаламайды және оқиғалардың ядолық соғысқа өршуіне ешқандай себеп көріп отырған жоқ.
"Ешкім осы оқиғадан асқан шиеленісті қаламайды. Әрине, ядролық сала шиеленіскенін ешкім қаламайды және қаламауы да керек. Оған ешқандай себеп жоқ", - деді Кирби.
"Ядролық қақтығыс ықтималдығы туралы Ресей басшыларының риторикасы... жауапсыздық екені анық. Әрине, бұл заманауи ядролық державадан күтетін нәрсе емес", - деп қосты ол.
Кирби АҚШ әскері қауіпті "күнделікті, оның ішінде бүгінде" қадағалап отырғанына және қосымша шара қабылдауға ешқандай себеп көрмейтініне сендірді.
Ал АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин ядролық соғыс ықтималдығы туралы әңгімені қауіпті риторика деп атап, мұндай нәтижені ешкім қаламайтынын айтты.
"Біз мұндай риторика өте қауіпті және кері нәтиже беретінін бірнеше рет айттық. Ешкім ядролық соғыс болғанын қаламайды. Бұл барлық тарап жеңілетін соғыс, қауіпті риторика кері нәтиже беретіні анық, сондықтан біз оған араласпаймыз", - деді Пентагон басшысы.
Оның айтуынша, Батыс мұндай сценарийдің алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. "Ал Украина ... (жанжал) бақылаудан шығып кетпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Халықаралық қауымдастықтың да назары осында", - деді Остин.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі туралы айтып, оны бағаламауға болмайтынын ескерткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также