22 қыркүйек 2021 | 08:51

Пермь университетінде атыс шығарған студенттің аяғы кесілді - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырып, ұстау кезінде жараланған студентке тағы бір операция жасалып, сол аяғы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life.ru агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырып, ұстау кезінде жараланған студентке тағы бір операция жасалып, сол аяғы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life.ru агенттігіне сілтеме жасап.

Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Baza Telegram арнасы Бекмансуров реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылғанын айтады.

Реклама
Реклама

"Дәрігерлердің пікірінше, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тимур әлі күнге дейін есін жимаған, ол Жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Бекмансұров көп ауыр жарақат алғандықтан бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауы мүмкін, деп жазады Telegram арнасы.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная