ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2021 | 16:46
Пермьдегі атқыш ұсталған сәттің видеосы жарияланды
20 қыркүйекте Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәті көрсетілді. Видео Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйекте Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәті көрсетілді. Видео Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде тараған кадрлардан Пермь университетінде атыс шағарған ер адамға оқ атылғанын көруге болады. Ресейлік БАҚ мәліметінше, оқ атқан жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының қызметкері. Олардың айтуынша, төтенше жағдай орнына келген инспектор ғимаратқа жүгіріп кіріп, бірнеше рет оқ атқан, содан кейін қарулы адамды ұстаған.
Ресей Ішкі істер министрлігі мәліметінше, студент полицей атқан оқтан жараланған.
"Оқиға орнына бірінші болып Ішкі істер министрлігінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының Пермь қаласы бойынша жол полициясы полкінің экипажы келді. Полицияның кіші лейтенанты Константин Калинин ғимаратқа кірді, оның әріптесі полиция аға лейтенанты Владимир Макаров адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырды.
Константин Калинин қарулы адамды көрген. Полицейді байқаған студент те бірнеше рет оқ атқан. Жол полициясы қызметкері атқышты жаралап, оған жүгіріп барған. Кейін ол алғашқы медициналық көмек көрсеті", - деді департаменттің ресми өкілі Ирина Волк ІІМ сайтында.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Ресей тергеу комитеті жариялаған.
Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін сегіз адам қаза тапқаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также