Перу парламенті президент отставкасын талап етті

Фото ©REUTERS

Перудегі оппозициялық заң шығарушылар Конгреске қазіргі президент Педро Кастильоның отставкаға кетуін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Перудегі оппозициялық заң шығарушылар Конгреске қазіргі президент Педро Кастильоның отставкаға кетуін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі президенттің елді басқаруға "моральдық қабілетсіздігі" туралы ұсыныс 28 заң шығарушының қолымен ұсынылды. Бастама авторлары мемлекет басшысын Хунин аймақтық үкіметінің қаражатын сайлау науқаны үшін заңсыз пайдаланды деп айыптайды.

Реклама
Реклама

Президент әкімшілігі түсініктеме беру туралы өтінішке жауап берген жоқ, бірақ Кастильо Хауха Анд аймағында сөйлеген сөзінде бұл мәселеге алаңдамайтынын айтты.

"Мені саяси шу мазаламайды, өйткені адамдар мафия немесе жемқорды емес, мені таңдады. Менің жүрегім тыныш", - деді ол.

Агенттіктің мәліметінше, президентті отставкаға кетіру үшін 130 заң шығарушының 52 дауысы қажет болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама