16 ақпан 2021 11:03

Перудің экс-президенті мен шенеуніктері жасырын вакцинацияланғаны үшін айыпталды

Мартин Вискарра. Фото:peru.gob.pe

Перудың уақытша президенті Франсиско Сагасти Перудың бұрынғы және қазіргі үкіметінің 500-ге жуық шенеунігі COVID-19-ға жасырын түрде вакцина алғанын мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перудың уақытша президенті Франсиско Сагасти Перудың бұрынғы және қазіргі үкіметінің 500-ге жуық шенеунігі COVID-19-ға жасырын түрде вакцина алғанын мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Төрт жүз сексен жеті адам елімізде клиникалық зерттеулерде қолданылатын вакцинамен қатар келген Sinopharm препаратын егу үшін өкілетін пайдаланған, олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер көп", - деді ол. Президенттің үндеуі Peru TV-да көрсетілді.

"Бұрынғы президент Мартин Вискарра және... оның үкіметінің шенеуніктерінен басқа... өкінішке қарай, Перу университеті ұсынған тізімде (тестілеуге жауапты - ред.) біздің үкімет құрамына кіретін адамдар да бар, олардың арасына Элисабет Астете (Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы) және Пилар Массетти (отставкаға кеткен Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы) кіреді", - деді Сагасти.

Оның айтуынша, бұл тізім енді ел прокуратурасына жіберіледі.

Реклама
Реклама

"Атқарушы билік ретінде біз осы іс-шараға қатысқан барлық адаммен қош айтысамыз", - деді президент.

Перу прокуратурасы вакцинацияға байланысты экс-президент Вискарраға қатысты алдын-ала тергеуді бастап кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram