ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2021 | 18:04
Песков митинг және "Путин сарайы" туралы пікір білдірді
Кремлдегілер Ресей президенті Владимир Путинге қарсы дайындалған жала жабу мен ақпараттық шабуылдар туралы білді. Олардың бәрі жағдайды ушықтыруға бағытталған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Геленджиктегі "сарай" туралы ақпаратқа қатысты осындай түсініктеме берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кремлдегілер Ресей президенті Владимир Путинге қарсы дайындалған жала жабу мен ақпараттық шабуылдар туралы білді. Олардың бәрі жағдайды ушықтыруға бағытталған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Геленджиктегі "сарай" туралы ақпаратқа қатысты осындай түсініктеме берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Путин онда ештеңе істемейді, Путиннің Геленджикте "сарайы" жоқ. Президентке әшкерелеу, жалған жала жабу және ақпараттық шабуылдар дайындалып жатқанын білдік. Олар бәрі жағдайды ушықтырғысы келеді. Олар шындыққа жанаспайды, өтірік", - деді Песков "Россия 1" телеарнасының "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасындағы сұхбатында.
Оның айтуынша, бұл материалдарды көргендердің бәрі "ойлану" керек және өзінен: "Путиннің бұған қатысы қандай?" деп сұрау керек.
Песков мұндай нысан бар болуы мүмкін, бірақ ол басқа біреуге тиесілі деген пікір білдірді.
"Жарайды, мүмкін мұндай сарай бар шығар, Геленджикте бәрі шынымен де үлкен нысан бар деп айтады. Бірақ оның иелері бар, бұл жекеменшік нысан", - деді Песков.
Оның айтуынша, бизнесмендер заң аясында әрекет етсе, "кез келген нысанды иеленуге құқылы", бірақ президенттің бұл "сарайға" еш қатысы жоқ.
"Міне, осындай шебер, білесіз бе, өтірік айла-амалдар, мен тағы да қайталаймын, олар дәл осы ақпараттық шабуылдарға сәйкес келеді. Осыған дәл осылай қарау керек", - деді Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кеше өткен митингіге қатысты да пікір білдірді.
"Қазір заңсыз акцияларға көп адам шықты деп айтады. Жоқ, адам аз болды, көптеген адам Путинге дауыс береді. Және конституцияға түзетулер енгізу үшін көп адам дауыс берді. Егер сіз сандарды салыстыратын болсаңыз, тіпті Ресейдің азаматтары болса да, бұл қаншалықты аз екенін түсінесіз", - деді Песков сұхбатта.
Ол барлық көзқарасты құрметтейтінін, бірақ "заңсыз акцияларға қатысуға үзілді-кесілді қарсы екенін" айтты.
"Себебі мұндайды басқаша бағалау мүмкін емес, бұл - заңды бұзу", - деді ол.
Айта кетейік, сенбіде, 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау митингі өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! қ
Показать комментарии
Читайте также