ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 11:15
Петр Порошенко Украинаға оралды
Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Испаниядан еліне оралды, - деп хабарлайды Страна.ua тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Испаниядан еліне оралды, - деп хабарлайды Страна.ua тілшісі.
Порошенкомен бірге Киев әуежайына үш баласы да келді, экс-президент оларды Лондоннан алып кеткен.
БАҚ мәліметі бойынша, Порошенко бірнеше күн бұрын уытсыздандыру курсынан өту үшін Испаниядағы ауруханалардың біріне кеткен, сондықтан Ұлттық бюро тергеуі аясындағы жауап алуға қатыспаған. Экс-президент Испанияда бір аптадай болуы керек еді, алайда ұшуға шектеу қойылатындықтан жоспарын өзгерткен.
Еске салайық, президент Владимир Зеленский коронавирустың тарауына байланысты 17 наурызға қараған түні Украинада әуеқатынас жабылатынын хабарлаған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также